Комитет по делам спорта и физической культуры

Министерство культуры и спорта РК

Телефон регистратуры

+7 727 292 40 44
г. Алматы, проспект Абая 44
Государственные символы Республики КазахстанГосударственные символы Республики Казахстан

Вакансия!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тағы бос лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялау
19.10.2022 ж.

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК төменде көрсетілген бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

— құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы А3-1-1

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК орналасқан мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 44
Кәсіпорынның негізгі қызметі спортшыларды жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету және дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамдарға дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар,
Бас есепші лауазымындағы жұмыс өтілі қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда.
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.
Мынадай біліктілікке ие болуы қажет: бастамашы, коммуникативті, талдамашы, жинақы, әдепті және сыбайлас жемқорлыққа төзбестік. Білуі қажет: Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, болжам жасау, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібі, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздері, еңбек нарығының жай-күйі; персоналды бағалау жүйелері мен әдістері; кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістері; кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі; ұйымның персоналы туралы деректер банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, табельдік есепке алуды ұйымдастыру; кадрлардың қозғалысын есепке алу әдістері; белгіленген есептілікті жасау тәртібі, кадр қызметтерінің жұмысында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері, персоналмен жұмыс істеудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі; Әлеуметтану, Психология және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда мынадай құжаттар болуы қажет:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Соттылықтыңболуынемесеболмауытуралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Санаты
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min
max
құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы А3-1-1
127 12,00
154 547,00

Конкурсқа қатысуға үмітті тұлғалардың құжаттары мына мекенжай бойынша 2022 жылғы 3 қарашаға дейінгі мерзімде қабылданады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 44, үй, электронды пошта: csmir-09@mail.ru, тел.: 292-44-50.

Партнеры