Қалпына келтіріп емдеу бөлімінде әртүрлі физиотерапевтік процедуралардың, ЕДШ, массаждың курстарынан өтуге болады. Біздің бөлімде көрсетілетін барлық процедуралар физиотерапевт дәрігердің, ЕДШ дәрігерінің кеңес берулерінен кейін ғана орындалады және төменде көрсетілген аурулар кезінде айқын емдік әсер береді:
– Қимыл-тірек аппаратының аурулары (остеохондроз, артрозо-артрит, ДОА, иық- жауырын периатриты, миозит, тенденит, бурсит, өкше сүйек сүйелері, жарақаттанулар мен сынулардың салдары, буындарға және сіңірлерге жасалған пластикалар мен оталардан кейінгі науқастар және т.б.);
- Нерв жүйелерінің аурулары (невралгия, невропатия, люмбалгия, протрузия, жарықтар және т.б.);
- ЛОР мүшелерінің аурулары (гайморит, өткір созылмалы отиттер, тонзиллиттер);
- Әйелдер мен ерлердің жыныс аясындағы жеделдеу және созылмалы аурулар (сальпингоофориттер, аднекситтер, простатиттер және т.б.).
Бөлімде физиологиялық емдеудің мынадай түрлері жүргізіледі :
- Соққы-толқынды;
- Гальванизация және дәрілік электрофорез;
- Диадинамотерапия және дәрілік заттардың диадинамофорезі;
- Амплипульстерапия (синусоидальды-модулирленген тоқтар);
- Интерференцтерапия;
- Электрлік ширату;
- Ультратолқынды терапия және фонофорез;
- Магниттік терапия;
- Лазерлі терапия;
- УЖЖ-терапия;
- Жарықпен емдеу (биаптрон, ультракүлгін сәулелендіру);
- Омыртқа жотасын мөлшерлеп созу;
- Массаж;
- ЕДШ;
- Гидромассажды ванналар;
- Шарко душы;
- Кинезиотейпирлеу
Бөлім меңгеруісі — Айгерим Жекеева – дәрігер оңалтушы, 1санаттағы спорттық дәрігер.
Физиокабинет
- 1 санаттағы дәрігер физиотерапевт Шолпангуль Килыбаева
- жоғары санаттағы медбике Тухан Коккозова
- жоғары санаттағы медбике Татьяна Доронина
- медбике Куралай Акымбаева
- медбике Елена Менчинская
ЕДШ кабинеті
Жоғары санаттағы ЕДШ дәрігері Александр Миленький
- ЕДШ нұсқаушысы Светлана Аляева
- ЕДШ нұсқаушысы Гульнара Ажеева
- массажист Людмила Горбунова
Емдік дене шынықтыру кабинеті
Александр Миленький – жоғары санаттағы дәрігер, терапия, хирургия, ортопед-травматология, неврология, педиатрия сияқты негізгі клиникалық мамандықтарда физикалық жаттығулар және емдік дене шынықтырудың басқа да құралдарын пайдалануда арнайы даярлығы бар. Аралас пәндердің (физиотерапия, массаждың түрлері, функционалдық диагностикалау, спорттық медицина мен ЕДШ-дағы психотерапия) негіздерімен таныс.
ЕДШ нұсқаушылары: Светлана Аляеваның дене шынықтыру мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Бөлім мамандарының жоғары теоретикалық және кәсіби практикалық даярлығы бар. Көп топты жаттығуларға және жеке әдістерге артықшылық беріледі.
Оңалту іс-шараларының анағұрлым кең спекторы травматологиялық және хирургиялық бейінді науқастарды қамтиды. Олар: жарақаттанудың, буындардың қалталы-кедергі аппаратының созылуы және үзілуі, сүйекті шығарып алу мен түрлі сынулар салдары бойынша жүгінгендер. Отадан кейінгі науқастардың үлкен бөлігі қалталы-кедергі аппаратының және тізе буынының тегіршігінің, жарақаттан кейінгі артроз-артритпен ауыратындар. Пациенттердің жеке тобы мүсін, сколиоз, көкірек қуысының түрлі деформациялануына тап болғандар, майтабандығы барлар.
Массаж кабинеті – кабинет массажисі Людмила Васильевна Горбунова қолмен және аппаратпен жасалатын массаждың барлық түрін меңгерген.