Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

2021 жылғы 18 маусымда «Спорттық медицинаның негізгі аспектілері» тақырыбында өткен республикалық семинар-кеңес бойынша

2021 жылғы 18 маусымда РМҚК «Спорттық медицина және 

оңалту орталығы» РМҚК «Дене шынықтыру және спорт

бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау

орталығы»  бірлесіп спорт саласының мамандары үшін

қашықтық форматта  «Спорттық медицинаның негізгі

аспектілері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

 

 

 

 

Семинарға спорт саласының 53-тен аса маманы қатысты. Іс-шара спикерлері «СМОО» мамандары болды және тақырыпты толық ашып берді.

Аталған шарада: «СМОО» РМҚК директоры – Нарбекова Гүлнар Айдарханқызы,  емдеу-алдын-алу бөлімі директорының орынбасары – Сембаева Римма Ақболатқызы, Спорттық медицина бөлімінің меңгерушісі – Үсенова Ботагөз Назарқызы, Спорттық физиолог – Өмірзақов Мұрат Еділұлы, зертханалық диагностика маманы – Шәкіров Әділет Елданаұлы, спорттық медицина дәрігері – Жиенғазина Әсия Нұржанқызы,  қалпына келтіру емі бөлімінің меңгерушісі – Жекеева Әйгерім Бауыржанқызы, жоғары санатты дәрігер- отоларинголог – Алдабергенова Алма Хайруллақызы, спорттық медицина дәрігері – Күлібекова Майя Ринатқызы, спорттық медицина бөлімінің медбикесі – Қожагелді Меруерт Бауыржанқызы қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді

АНОНС

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.
Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио, теледидар арқылы тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар таратылады.
Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.

«Спорттық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек

ПРЕСС-АНОНС

2018 жылғы 2 наурызда сағат 09.00-18.00 аралығында «Алматы қаласындағы Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратында «Спорттық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Рашид Сапаргалиев ашады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасындағы спорттық медицинаның құрылуына 70 жыл толуына арналады. Дөңгелек үстел шеңберінде мынадай тақырыптарда өзекті мәселелер талқыланады:

  1. Қазақстан Республикасындағы спорттық медицинаның нормативті-

құқықтық қоры.

  1. Қазақстан Республикасының құрама командалары спортшыларын,

спорттық резервтерді тереңдетілген медициналық тексеру стандарты.

  1. Спортпен айналысуға кедергі келтіретін аурулар мен патологиялық

жай-күйлердің тізбесі.

Баяндамашылар: спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Г.П.Касымова, дәрігер-сарапшы М.К.Есеналиев, СМБ меңгерушісі Б.Н.Усенова, МБҚБ меңгерушісі Р.А.Сембаева, дәрігер Г.А.Нарбекова, дәрігер С.Г.Трунина.

Іс-шара қатысушыларына  жетекші мамандардың баяндамаларын тыңдау және пікірсайыс тәртібінде көкейкесті сұрақтарды талқылау   мүмкіндігі беріледі. Дөңгелек үстел қонақтары жаңа кәсіби білім мен дағдыларды меңгере алады.

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК  серіктестікке және орталықтың дамуына жаңа идеялар мен шешімдерді енгізуге ынта танытқандарға әрдайым ашық.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 (727) 292 43 34, +7(727) 292 44 50 assistant@csmir.kz.

Серіктестер