Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Клиникалық-биохимиялық зертхана бөлімі

Access2 шағын  иммунды химиялық талдаушы  «адам факторының» нәтижелерге әсерін максималды азайтып, жүргізілген талдаулардың сапасын жоғарылатып, уақытты қысқартады. Талдаушы реагенттерін мөлшерлеу мен нәтижелерді шығаруды есепке ала отырып,  тестілеудің барлық кезеңін автоматты түрде орындайды. Оператордың іс-қимылы тек үлгілерді жүктеу мен тестілерді таңдаумен ғана шектеледі. Талдау процесін максималды автоматтандыру, ыңғайлы интерфейс, құрылғыны күту үрдістерінің минималдығы лаборанттың құрылғыны ыңғайлы пайдалануына жағдайды қамтамасыз етеді.

Ерекше қасиеттері:

  • Өнімділігі – сағатына 100 тестке дейін
  • Бір жолғы жүктеме 60 үлгіге дейін
  • Бірінші нәтиже -12-30 минуттан кейін
  • Бортта реагенттері бар 24 картридж
  • Құрылғының жұмысын үзбей шығын материалдарын жүктеу мүмкіндігі
  • Бортта реагенттерді суыту +3-5°С
  • Ашқаннан кейін реагенттердің сақталу мерзімі – 1 ай
  • Калибрлеу тұрақтылығы – 56 күнге дейін
  • CITO үлгілерінің шексіз саны
  • Сенсорлы экран көмегімен құрылғыны басқару мүмкіндігі
  • Нақты уақыт тәртібінде сапаны бақылау
  • Орнатылған көмек жүйесі бар WindowsXP базасында бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Кеңейтілген, тұрақты толықтырылып отыратын тестер мәзірі
  • Судың қосылуын талап етпейді.

Биохимиялық талдау туралы ақпарат. «Қанның биохимиясы» дегеніміз не? Қанды биохимиялық зерттеу деп медицинаның көптеген облыстарындағы зертханалық диагностикалау әдістерінің бірін айтады.

Ол төмендегі өлшемдер бойынша патологиялық жағдайды тура диагностикалайды және қан үлгісін зерттейді: – аланинаминотрансфераза (АлАТ, АЛТ); – холестерин немесе холестерол; – билирубин; – несепнәр; – альфа-амилаза, панкреатиттік амилаза, диастаза; – глюкоза, липаза; – аспартатаминотрансфераза (АСТ, АсАТ); – гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТ), гамма ГТ (глутамилтранспептидаза); – креатинин, ақуыз; – Эпштейн-Барра вирусына қарсы денелер. Көрсеткіштер тек емдеудің тиімді схемасын құру үшін ғана емес аурудың алдын алу мақсатында қажет екенін түсіну қажет. Қалыпты көрсеткіштердің ауытқуы бұл ағзада өзгерістердің бар болуының белгісі. Сондықтан да біздің спортшылар өздерінің талдауларын білулері үшін  DiaSysDiagnosticSystem (Германия) компаниясының Respons 910 автоматты биохимиялық талдаушысын орнаттық.

Respons 910 – Өзіндік қол жеткізу (randomaccess)  мүмкіндігі бар және шұғыл талдауларды (STAT) өткізу мүмкіндігі бар үстелге қойылатын автоматтандырылған биохимиялық талдаушы; Windows бағдарламалық қамтамасыз етуі бар  толықтай «ашық» компьютерлік басқару жүйесі.

Талдаушының ерекшеліктері:

  • Субстраттарды, ферменттерді, электролиттерді және иммунотурбидиметриялық тестілерді зерттеуге арналған жоғары сапалы, шағын, нақты және үнемді талдаушы.
  • Толқындар ұзындығы – 340, 405, 450, 505, 546, 578, 660 и 700 нм (моно- және бихроматикалық)
  • respons реагенттер қаптамасының ерекше және ыңғайлы тұжырымдамасы, штрих-коды бар моно және қос контейнерлер.

Quintus (Квинтус) – гематологиялық талдаушы

24 өлшемді + 2 гистограмманы + 2 скетограмманы анықтайды

Жұмыс тәртібі:  Жаңа алынған қан құйылған ашық және жабық түтік (Автоматты түрде беріліп отыратын тамырдан алынған қаны бар түтік)

100 жабық пробиркаға арналған авто жүктегіш-  бірнеше үлгіні автоматты түрде   талдауға мүмкіндік береді.

Өнімділігі: сағатына 60 зерттеу

Үлкен түрлі-түсті сенсорлық дисплей, тілдер мәзірі: орыс, ағылшын

Қан алу көлемі: жаңа алынған қан құйылған түтікпен жұмыс істеу кезінде 100мкл

Пайдаланылатын реагенттердің саны 3

Сапаны бақылайтын орнатылған бағдарлама (бақылау қаны)

Сырттай қосылған принтерлер

Орнатылған штрих-кодтар сканері

ЗАЖ (зертханалық ақпарат жүйесін) қосу мүмкіндігі.

 

Клиникалық-биохимиялық зертхана бөлімінің қызметкерлері:

Бөлім меңгерушісі: Гульмира Турганбаева, бірінші санаттағы спорттық дәрігер

Дәрігер-лаборант: Оксана Байгабатова

Фельдшер-лаборант Бакыт Идришева

Фельдшер-лаборант: Айгерим Байбукаш

Серіктестер