2021 жылғы 18 маусымда РМҚК «Спорттық медицина және
оңалту орталығы» РМҚК «Дене шынықтыру және спорт
бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау
орталығы» бірлесіп спорт саласының мамандары үшін
қашықтық форматта «Спорттық медицинаның негізгі
аспектілері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Семинарға спорт саласының 53-тен аса маманы қатысты. Іс-шара спикерлері «СМОО» мамандары болды және тақырыпты толық ашып берді.
Аталған шарада: «СМОО» РМҚК директоры – Нарбекова Гүлнар Айдарханқызы, емдеу-алдын-алу бөлімі директорының орынбасары – Сембаева Римма Ақболатқызы, Спорттық медицина бөлімінің меңгерушісі – Үсенова Ботагөз Назарқызы, Спорттық физиолог – Өмірзақов Мұрат Еділұлы, зертханалық диагностика маманы – Шәкіров Әділет Елданаұлы, спорттық медицина дәрігері – Жиенғазина Әсия Нұржанқызы, қалпына келтіру емі бөлімінің меңгерушісі – Жекеева Әйгерім Бауыржанқызы, жоғары санатты дәрігер- отоларинголог – Алдабергенова Алма Хайруллақызы, спорттық медицина дәрігері – Күлібекова Майя Ринатқызы, спорттық медицина бөлімінің медбикесі – Қожагелді Меруерт Бауыржанқызы қатысты.