Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мақсат, болашаққа болжам жане концепция

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру, технологиялық қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне сәйкес,  жоғары санаттағы спортшыларды, спорттық резервті, сондай-ақ спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларды ерте диагностикалау, алдын алу және оңалтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК қызметінің мақсаты спортшыларды жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету, спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларды дәрігерлік бақылауға алуды жүзеге асыру болып табылады.

Орталықтың негізі міндеттерінің бірі болып спортшыларды Олимпиада ойындарына, Әлем чемпионаттарына, Азия ойындарына және басқа да халықаралық және республикалық жарыстарға даярлауда медициналық және фармакологиялық қамтамасыз ету болып табылады. «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың бірегейлігі спортшыларды тексеру, қалпына келтіру және олардың  жаттығу үдерісіне жылдам оралуына бағытталған тиімді, жоғары білікті көмек көрсету мүмкіндігін тудырады.

«СМжОО» РМҚК-тың тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командалары мүшелерін медициналық қамтамасыз ету, республикалық және халықаралық маңызы бар спорттық-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету, жоғары санаттағы спортшылар деректерінің тізбесін жасау, инновациялық емдеу-диагностикалық технологияларын дамыту және спортшыларды медициналық қамтамасыз ету бойынша әлемдік тәжірибені қолдануды ұйымдастыру ретінде  «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың тұжырымдамасы әлемдік стандарттарға сәйкес, «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың даму стратегиясында негізгі тармақты құрайды.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • орталықтың есебінде тұрған спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатын жоғары білікті спортшыларды, спорттық резервті, сондай-ақ ересектер, жасөспірімдер және балаларды дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру;
  • спортшылар мен тұрғындарға қалпына келтіру емін және оңалту

жұмыстарын жүргізу, осының ішінде: алынған жарақаттар мен ауру-сырқаулардан кейін; допингті қабылдауға қарсы жұмыстарды жүргізу;

  • орталыққа бекітілген спортшыларды дипансерлік қарап бақылау және

оларды емдеуді қамтамасыз ету;

  • ұлттық құрама командалары спортшыларын, паралипиада спортшыларын

медициналық, кеңес беру көмегімен қамтамасыз ету;

  • емдік – алдын алу мемлекеттік мекемелеріне спорттық медицина мәселелері бойынша  кеңес беру, практикалық көмек көрсету; бекітілген тәртіпте басқа да емдік-алдын алу мекемелерін тарту арқылы, спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК  ел ішіндегі және шетелдегі спорттық-бұқаралық іс-шараларға және жарыстарға, сондай-ақ кешенді іс-шараларды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге қырық жылдан астам уақыт қатысып келеді.

Серіктестер