Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

«Спорттық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек

ПРЕСС-АНОНС

2018 жылғы 2 наурызда сағат 09.00-18.00 аралығында «Алматы қаласындағы Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратында «Спорттық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Рашид Сапаргалиев ашады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасындағы спорттық медицинаның құрылуына 70 жыл толуына арналады. Дөңгелек үстел шеңберінде мынадай тақырыптарда өзекті мәселелер талқыланады:

  1. Қазақстан Республикасындағы спорттық медицинаның нормативті-

құқықтық қоры.

  1. Қазақстан Республикасының құрама командалары спортшыларын,

спорттық резервтерді тереңдетілген медициналық тексеру стандарты.

  1. Спортпен айналысуға кедергі келтіретін аурулар мен патологиялық

жай-күйлердің тізбесі.

Баяндамашылар: спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Г.П.Касымова, дәрігер-сарапшы М.К.Есеналиев, СМБ меңгерушісі Б.Н.Усенова, МБҚБ меңгерушісі Р.А.Сембаева, дәрігер Г.А.Нарбекова, дәрігер С.Г.Трунина.

Іс-шара қатысушыларына  жетекші мамандардың баяндамаларын тыңдау және пікірсайыс тәртібінде көкейкесті сұрақтарды талқылау   мүмкіндігі беріледі. Дөңгелек үстел қонақтары жаңа кәсіби білім мен дағдыларды меңгере алады.

«Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК  серіктестікке және орталықтың дамуына жаңа идеялар мен шешімдерді енгізуге ынта танытқандарға әрдайым ашық.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 (727) 292 43 34, +7(727) 292 44 50 assistant@csmir.kz.

Серіктестер