Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Спорттық медицина бөлімі

Спортшыларды, спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қарап тексеру (тереңдетілген, кезеңді)

Спорттық дәрігердің қарап тексеруі:

Спортшының жалпы жағдайын бағалау. Сырттай қарап тексеру: тері жабындыларының, тері асты-май жасұнықтардың, бұлшықеттің, сүйек-буын жүйесінің, лимфа жүйесінің жағдайы.

Тыныс алу, жүрек – тамыр жүйелерін (қан айналымының көрсеткіштері – күретамыр қысымын өлшеу, жай күйдегі және физикалық жүктемеден дейінгі ЖЖЖ,  ТАЖ), ас қорыту, зәр шығару, эндокриндік жүйелерді зерттеу.

Физикалық дамуды бағалауға арналған антропометрия.

Спортшының жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілігін, функциналдық жағдайын бағалау үшін Карпманмен түрлендірілген (велоэргометрде), эргоспирометрия, Мартинэ сынамасы, 3 минуттық көлеңкемен күрес, бір орында мықынын жоғары көтеру арқылы 3 минуттық жүгіру және т.б.   PWC 170 тестілеу жүргізіледі.

Спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларға ағымдағы кезеңде тереңдетілген медициналық қарап тексеру нәтижелері бойынша қорытынды беріледі:

  • денсаулық жағдайы бойынша қорытынды;
  • физикалық дамуын  бағалау;
  • функционалдық жағдайын, жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілігін бағалау;
  • жыныстық жетілуін бағалау (жеткіншектердің);
  • белгілі спорт түрімен айналысуға жіберілуі үшін жастық кезеңінің сәйкес келуі;
  • ауру-сырқаушылығының және патологиялық жағдайының болуы;
  • патологияның даму тәуекелдерінің факторларын анықтау;
  • берілетін жүктеменің спортшы ағзасының функционалдық мүмкіндіктерімен сәйкес келуі;
  • денсаулық жағдайын болжау;
  • спортпен айналысуға және жарыстарға қатысуға жіберу туралы шешім қабылдау;
  • жаттығу процесін жоспарлау және түзету, емдеу, қалпына келтіру іс-шаралары бойынша ұсынымдар беру.

Өткізілген тереңдетілген медициналық тексеруден кейін «Спорттық медицина және оңалту орталғы» РМҚК-тың дәрігерімен қорытынды жасалып, тиісті ұсынымдар беріледі.

  1. Спортпен айналысуға жіберілудің сараптамасы.
  2. Ауру-сырқаулары бойынша спортшыларды қабылдау, кеңес беру.
  3. Спорттық іс-шараларды, жарыстарды медициналық қамтамасыз ету.
  4. Допингке қарсы үгіт-насихат бойынша жұмыс.
  5. Спортшыларға медициналық және өмірлік көрсеткіштері бойынша спортта пайдалануға тыйым салынған субстанцияларды (ТУЕ) терапевтік пайдалануға рұқсаттың ресімделуі.
  6. Спортшылардың ауруға шалдығуы мен жарақаттануының алдын алу бойынша санитарлық- ағарту жұмысы.

СМБ –ның жарақтануы

  • функционалдық тестілеуді өткізу үшін «Monark 828E» велоэргометрлер
  • электрондық таразы;
  • бой өлшегіштер;
  • тұлға күшөлшеуіш;
  • қолдың білезік буынының күшөлшеуіші;
  • құрғақ шағын спирометрлер;
  • жуан циркуль.

Спорттық медицина бөлімінің қызметкерлері

Ботагоз Усенова, жоғары санаттағы спорттық дәрігер

Дәрігерлер :

– Саипжамал Хасанова

– Амангуль Сарыбаева, жоғары санаттағы спорттық дәрігер

– Гульжан Сейдахметова, бірінші санаттағы спорттық дәрігер

– Томирис Абишева

– Надежда Ким

– Римма Сембаева, жоғары санаттағы спорттық дәрігер

– Гульмира Турганбаева, бірінші санаттағы спорттық дәрігер

– Айгерим Жекеева, бірінші санаттағы спорттық дәрігер

Медбикелер:

– Ажар Мурзагалиева

– Марина Казанцева, жоғары санаттағы медбике

– Лейла Нурмуханбетова

– Диана Сулейменова

– Меруерт Кожагельды

– Ляззат Тыныштыкова.

Серіктестер