Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Біз туралы

Спорттағы қандай да бір маңызды жетістік тек спортшының ғана емес,  ол үлкен мамандар  тобы  жұмысының нәтижесі болып табылады. Олар өз білімдерінің арқасында  адамның қандай да бір спорт түрінде өз ұмтылысын  жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Спортшыны қалыптастырудағы дәрігердің рөлі тек адамның денсаулық жағдайының констатациясымен ғана шектелмейді. Спорт дене шынықтырудан максималды жоғары нәтижеге қол жеткізуге деген мақсаттылығымен айырықшаланады. Сондықтан да осы нәтижелерге қол жеткізу үшін өткен ғасырдың 20-шы жылдары спорттық медицина пайда болды.

Спорттық медицина – споршылардың даярлығын медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін медицина мен денсаулық сақтаудың саласы. Оған спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылау, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалту, спорттық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату, спортшылардың стоматикалық ауруларының терапиясы, спорттық травматология, спорттағы жедел жәрдем мен спорт гигиенасы кіреді. Сондай-ақ спорттық оңалтуды, патология алды жағдайды, спорттық травматологияны, допингке қарсы бақылауды және т.б. проблемаларды зерттейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты  спорттық медицина спортшыларды даярлаудағы ажырамас құрам болып саналады және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағдарлары ретінде қарастырылады.

Серіктестер