Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Тіркеу телефоны:

+7 727 292 40 44
Алматы қ., Абая даңғылы 44
Государственные символы Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тағы бос лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялау

02.07.2020ж. 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК төменде көрсетілген бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

 

– мемлекеттік сатып алу менеджері С-2; негізгі қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты  демалыс мерзіміне

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:   «Құқуқтану»  «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары  білімі бар, тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жыл.

Мынадай біліктілікке ие болуы қажет: бастамашы, коммуникативті, талдамашы, жинақы, әдепті және сыбайлас жемқорлыққа төзбестік.

Білуі қажет:Мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, менеджмент, маркетинг және экономика негіздері, баға белгілеу әдістері, баға белгілеу стратегиясы мен тактикасы, құжаттарды дайындау бойынша компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, өңірлік экономикалық саясат, әкімшілік құқық заңын және аталған санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті білімі болуы қажет.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда мынадай құжаттар болуы қажет:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  • Соттылықтыңболуынемесеболмауытуралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  min max

мемлекеттік сатып алу менеджері С-2

72557,7 85476,51

Конкурсқа қатысуға үмітті тұлғалардың құжаттары мына мекенжай бойынша 2020 жылғы   17 шілде айына дейінгі мерзімде қабылданады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 44,  үй, электронды пошта: assistant@csmir.kz, csmir-09@mail.ru, тел.: 292-44-50.

Posted in

Серіктестер